
Қаржылық сауаттылық
Мектеп оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық: QTS-пен пилоттық жоба
2025 жылдың үшінші тоқсанының басынан бастап AIFC Academy Quantum Tech School (QTS) мектебімен бірге «Жаһандық дағдылар» бағытындағы пилоттық білім беру жобасын іске қосты. Негізгі назар — 9-11 сынып оқушыларына қаржылық сауаттылықты үйрету.


Бұл жоба қандай?
Біз АҚШ-тың Федералды депозиттерді сақтандыру корпорациясы (FDIC) әзірлеген «Money Smart for Young People» халықаралық бағдарламасын Қазақстан мектеп оқушыларына бейімдеп жатырмыз. Мақсаты — жасөспірімдерге ақшаны дұрыс басқаруды, жеке қаржылық негіздерді түсінуді және салмақты шешім қабылдауды үйрету.
Оқыту қай жерде өтеді?
Бастапқы кезеңде біз үш түрлі мектеппен ынтымақтасамыз:
- Quantum Tech School (Астана, жекеменшік мектеп)
- Ақмола облысындағы ауыл мектебі (мемлекеттік)
- Flagman мектебі (қашықтықтан оқыту, жекеменшік мектеп)
Осындай әртүрлілік курс қалай жұмыс істейтінін әртүрлі форматтар мен жағдайларда бағалауға мүмкіндік береді.


Жоба қалай ұйымдастырылған?
- Бағдарлама орыс және қазақ тілдерінде 15 интерактивті сабақтан тұрады.
- Барлық сабақтар арнайы 9-11 сынып оқушыларына арналған.
- Курсқа кейстер, тапсырмалар, талқылаулар және практикалық жаттығулар кіреді.
В курс встроены кейсы, задания, обсуждения и практические упражнения.
Бастапқы нәтижелер
Қазіргі таңда 15 сабақтан өткен оқушылар саны 110-нан асты.
Пікірлер — шабыттандырады:
- Курс бойынша орташа баға — 5-тен 5
- Оқушылар мен ата-аналардың 92%-ы курсты басқаларға ұсынуға дайын
Мұғалімдер жасөспірімдердің талқылауға белсенді қатысып, мәнді сұрақтар қойып, алған білімдерін өмірде қолдана бастағанын атап өтті — жеке бюджет құрудан бастап сатып алуларды сыни тұрғыдан талдауға дейін.
AIFC Academy жобаны әрі қарай дамытып, тәжірибені басқа мектептер мен аймақтарға таратады. Біз сенеміз: ерте жастан қаржылық сауаттылықты қалыптастыру — әрбір оқушының және елдің болашағына салынған инвестиция.

Біз барлық сұрақтарға жауап береміз:
