QID Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы мен АХҚО Академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Опубликовано: 7 октября, 2025 в 1:39 пп

Категории: Без рубрики

2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстандық құқықтық форум алаңында «Qazaq Independent Directors» (QID) Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

АХҚО Академиясы құқықтық жүйе мен корпоративтік басқаруды дамытуға өз үлесін қосып, кәсіби оқыту мен тәжірибе алмасу үшін құқықтық қауымдастық пен сарапшыларға арналған алаң ұсынады. Академияның бас атқарушы директоры Балжан Мырзабаева Меморандумға қол қою тәуелсіз директорлар мен құқық және қаржы саласындағы жетекші білім беру институтының күш біріктіруінің символы екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ынтымақтастық бірлескен жобаларды іске асыруға, үздік тәжірибелерді таратуға және тәуелсіз директорлар институтын Қазақстанда және оның шегінен тыс жерлерде нығайтуға берік негіз болады.

QID Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары Ерлан Бейсембинов АХҚО-ның қаржы және бизнес тарту үшін халықаралық деңгейдегі бірегей алаң екенін атап өтті. Ол АХҚО Академиясымен ынтымақтастық жаңа басқару мәдениетін қалыптастыруға, халықаралық стандарттарды енгізуге және компаниялар мен жалпы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын көшбасшыларды даярлауға бағытталғанын айтты. Қазіргі таңда QID құрамында Ұлыбританияның Директорлар институтының (IoD) шамамен 100 қазақстандық түлегі бар, бұл бірлескен бастамалар үшін кең мүмкіндіктер ашады.

АХҚО Академиясы мен Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою құқықтық экожүйені дамыту мен корпоративтік басқаруды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

 

АХҚО академиясы әзірлеген майнор-бағдарламалар AlmaU университетінде оқытылады

Опубликовано: 21 августа, 2025 в 12:47 пп

Категории: Жаңалықтар

 

2025 жылғы 21 тамызда Астана халықаралық қаржы орталығы Академиясы әзірлеген білім беру бағдарламалары Almaty Management University-ге ресми түрде табысталды. Олар оқу үдерісіне майнор-пәндер ретінде енгізіліп, студенттердің жеке білім беру траекториясы аясында қосымша мамандану мүмкіндігін ұсынады. AlmaU осы бағдарламаларға қол жеткізген алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып, заманауи қаржының негізгі тақырыптарын қамтитын және студенттердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған курстарды енгізді.

 

АХҚО Академиясы әзірлеген майнор-бағдарламалар Freedom Broker компаниясының қолдауымен “Freedom Шапағат” корпоративтік қоры арқылы жүзеге асты. Бұл ынтымақтастықтың негізі 2024 жылғы Astana Finance Days форумы аясында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандуммен қаланған.

 

Табысталған майнор-бағдарламалар студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар мен білімдерді игеруге мүмкіндік беріп, оларды пәнаралық тапсырмаларға дайын әрі саладағы жұмыс берушілер үшін тартымды мамандарға айналдырады.

 

Майнор-бағдарламалардың тақырыптары “Туынды бағалы қағаздар – опциондар”, “Активтерді басқару”, “Қаржы нарығын реттеу”, “Халықаралық коммерциялық дауларды шешу” және басқа да бағыттарды қамтиды.

 

 

Майнор-бағдарламаларды AlmaU оқу үдерісіне енгізу алдағы оқу жылында жоспарланып отыр. Жаңа майнор-дисциплиналар бойынша білім алуға «Қаржы» және «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының студенттері мүмкіндік алады. Бұл білім алушылардың қаржы саласының негізгі бағыттары бойынша білімін тереңдетуге жол ашады.

 

Еске сала кетейік, майнор-бағдарламалар – жоғары оқу орындарының жалпы білім беру бағдарламаларының бір бөлігі болатын қысқамерзімді сертификаттық курстар. Олардың ұзақтығы түрі мен күрделілігіне байланысты 3 айдан 4 айға дейін созылады.

 

 

 

АХҚО Академиясы білім беру бағдарламалары SDU-да оқытылады

Опубликовано: 14 августа, 2025 в 1:37 пп

Категории: Жаңалықтар

14 тамызда Алматыда «Астана» халықаралық қаржы орталығының Академиясы әзірлеген SDU майнор-бағдарламаларды SDU университетіне тапсыру рәсімі өтті. Білім беру модульдері заманауи қаржы тақырыптарын қамтып, SDU студенттеріне қаржы секторының әртүрлі бағыттары туралы өзекті білім береді. Модульдер студенттердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

 

SDU-ды қоса алғанда, қазақстандық университеттер үшін майнор-бағдарламаларды әзірлеу Freedom Broker қолдауымен «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы жүзеге асырылды. Бұл серіктестіктің негізі өзара түсіністік туралы тиісті меморандумға қол қойылған Astana Finance Days 2024 форумы аясында қаланған еді.

 

Майнор-бағдарламалар – жоғары оқу орындарының жалпы білім беру бағдарламаларының бөлігі саналатын сертификаттау түріндегі қысқамерзімді курстар. Бағдарлама ұзақтығы олардың түріне және күрделілігіне байланысты 3 айдан 4 айға дейін созылады.

 

 

Берілетін майнор-бағдарламалардың ішінде, мысалы, «Туынды бағалы қағаздар – опциондар», «Активтерді басқару», «Қаржы нарығын реттеу», «Халықаралық коммерциялық дауларды шешу» және басқалары болады. Олар студенттерге дағдылар мен білімді кеңейтуге, оларды еңбек нарығында анағұрлым бәсекеге қабілетті етуге және пәнаралық тапсырмаларға жақсы дайындалуға қосымша мүмкіндіктер беруге арналған.

 

Білім беру процесіне майнор-бағдарламаларды енгізу ағымдағы оқу жылында басталады деп жоспарланып отыр. SDU Заң және бизнес мектебінің жоғары курс студенттері оларды қаржы саласындағы маңызды бағыттарды зерделеп, өз білімдерін жетілдіру үшін таңдай алады.

 

Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал

Опубликовано: 1 августа, 2025 в 7:12 дп

Категории: Жаңалықтар

 

AIFC Academy сіздерді 2025 жылғы 4–5 қыркүйекте Астана қаласында өтетін VIII Халықаралық форумға – Astana Finance Days 2025 шарасына шақырады.

 
 

Биылғы тақырып – «Болашақтың негізін қалайтын капитал», ол «capital» сөзінің қос мағынасын ашады:

  • Астана – Шығыс пен Батысты тоғыстыратын, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның астанасы және қаржы орталығы;

  • Капитал – адами, қаржылық және зияткерлік, олар тұрақты дамудың және жаңа мүмкіндіктердің қозғаушы күші.

 

 

Форумға 70-тен астам елден 5 000-нан астам делегат қатысады. Олардың қатарында қаржы саласының, бизнестің, білім беру мен технологияның жетекші өкілдері бар.

 
 

AIFC Academy панельдік сессиясы

 

 

Minor Programmes: Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жаңа векторы


2025 жылғы 4 қыркүйек

 
 

Сессия барысында майнор-бағдарламалардың студенттердің көкжиегін кеңейтуге, құзыреттерін нығайтуға және тез өзгеріп жатқан еңбек нарығында сұранысқа ие болуға қалай көмектесетіні талқыланады.

 
 

🔗 Бағдарлама мен тіркелу туралы толығырақ: astanafindays.org/start

 
 

Еуразияның жүрегінде білім мен қаржының болашағы жөніндегі пікірталастың бір бөлігі болуға шақырамыз!