QID Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы мен АХҚО Академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2025 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстандық құқықтық форум алаңында «Qazaq Independent Directors» (QID) Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Академиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

АХҚО Академиясы құқықтық жүйе мен корпоративтік басқаруды дамытуға өз үлесін қосып, кәсіби оқыту мен тәжірибе алмасу үшін құқықтық қауымдастық пен сарапшыларға арналған алаң ұсынады. Академияның бас атқарушы директоры Балжан Мырзабаева Меморандумға қол қою тәуелсіз директорлар мен құқық және қаржы саласындағы жетекші білім беру институтының күш біріктіруінің символы екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ынтымақтастық бірлескен жобаларды іске асыруға, үздік тәжірибелерді таратуға және тәуелсіз директорлар институтын Қазақстанда және оның шегінен тыс жерлерде нығайтуға берік негіз болады.

QID Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары Ерлан Бейсембинов АХҚО-ның қаржы және бизнес тарту үшін халықаралық деңгейдегі бірегей алаң екенін атап өтті. Ол АХҚО Академиясымен ынтымақтастық жаңа басқару мәдениетін қалыптастыруға, халықаралық стандарттарды енгізуге және компаниялар мен жалпы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын көшбасшыларды даярлауға бағытталғанын айтты. Қазіргі таңда QID құрамында Ұлыбританияның Директорлар институтының (IoD) шамамен 100 қазақстандық түлегі бар, бұл бірлескен бастамалар үшін кең мүмкіндіктер ашады.

АХҚО Академиясы мен Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою құқықтық экожүйені дамыту мен корпоративтік басқаруды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.