Jalinga кәсіби студиясы

Jalinga кәсіби студиясы қарапайым сөйлесу видеоларын жазуға да, толыққанды бейнесабақтар дайындауға да, сондай-ақ онлайн-конференциялар мен стримдарды Zoom, YouTube, Skype және басқа да вебинарлық платформалармен біріктіруге де мүмкіндік береді.

Jalinga көмегімен сіз мыналарды орындай аласыз:

  • Көрермендердің назарын аударып, сақтап тұрасыз: маңызды тұстарды белгілеп, асты сызу, жазғаныңызды бір қимылмен өшіру арқылы — мөлдір сенсорлық тақтада жазу.
  • Презентация нысандарымен әрекеттесу — нысандарды ашу және жасыру, жылжыту, өлшемін өзгерту.
  • Материалыңызды көрнекі түрде көрсету — презентация ішінде веб-сайттарды, карталарды және суреттерді ашу.

1)Жазу жылдамдығы

Спикер студияны бір батырмамен қосып, жазуды өзі бастай алады. Материалды сапалы түсіріп, сәтсіз дубльдерді тез өшіріп, нәтижесінде жоғары сапалы видео бірден дайын болады!

2) Қолжетімділік

Қымбат жабдық сатып алудың қажеті жоқ — дайын видеостудияны сағаттық төлеммен жалға алуға болады.

3) Әмбебаптық

Jalinga студиясы жеке спикерлерге, оқытушыларға, коучтарға, сарапшыларға, блогерлерге және бейнеконтент жазуға арналған кеңістік пен жабдық қажет кез келген адамға жарайды.

Форматтардың әртүрлілігі:

  • білім беру видеолары, дәрістер және мастер-кластар
  • вебинарлар және онлайн іс-шаралар
  • қызметкерлерге арналған оқыту курстары және корпоративтік есептер
  • маркетингтік презентациялар мен өнім туралы видеолар

Біз барлық сұрақтарға жауап береміз:

Қызметтер немесе оқыту туралы сұрақтарыңыз болса немесе не таңдау керектігін білмесеңіз, нөміріңізді қалдырыңыз: біз барлық сұрақтарыңызға жауап беру үшін сізге қоңырау шаламыз.

    Түймені басу арқылы сіз құпиялылық саясатпен келісесіз