
Қоғамдық оферта шарты
Қоғамдық оферта шарты
Осы шарт жеке тұлғаларға (бұдан әрі – «Тапсырыс беруші») арналады. Онлайн Қызметті AIFC Academy Limited жеке компаниясы (бұдан әрі – «Қызмет көрсетуші») ұсынады. Қызмет көрсетуші мен Тапсырыс беруші төмендегідей келісімге келді:
1. Терминдер мен анықтамалар
1.1. Оферта – Қызмет көрсетушінің кез келген жеке тұлғаға арналған Қызметтерді осы Шартта және оның барлық қосымшаларында көзделген талаптар бойынша сатып алуға арналған жария ұсынысы.
1.2. Шарт – осы Оферта, сондай-ақ уақтылы өзгертіліп, толықтырылып отыратын Веб-сайтты пайдалану Ережелері мен Құпиялылық саясаты.
1.3. Қызмет көрсетуші – Веб-сайтта ұсынылған Қызметтерді сататын AIFC Academy Limited жеке компаниясы.
1.4. Тапсырыс беруші – осы Шартта көзделген талаптар бойынша Қызмет көрсетушінің Офертасын қабылдаған жеке тұлға.
1.5. Акцепт – Тапсырыс берушінің Оферта шарттарын толық және сөзсіз қабылдауы.
1.6. Қызметтер – Қызмет көрсетуші Веб-сайттың тиісті бөлімдерінде көрсетілетін ақылы және/немесе тегін ақпараттық қызметтер жиынтығы.
1.7. Веб-сайт – интернет желісінде қолжетімді, Қызметтер туралы толық ақпаратты, олардың мазмұны мен құнын қамтитын, сондай-ақ Қызметтердің өзін қамтитын Қызмет көрсетушінің электрондық құжаттарының (файлдарының) жиынтығы, мына мекенжайда орналастырылған: https://academy.aifc.kz/kk/yzmetter/
1.8. Тіркеу деректері – осы Шарт шеңберінде Қызметтерді төлеу және көрсету барысында талап етілуі мүмкін, тікелей немесе жанама түрде белгілі бір немесе анықталатын жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпарат.
1.9. Веб-сайтты пайдалану ережелері – мына мекенжайда орналастырылған: https://academy.aifc.kz/kk/aifc-academy-sajtyn-pajdalanu-erezheleri/, немесе Қызмет көрсетуші белгілеген, Тапсырыс берушінің Қызметтерге қатысты рұқсат етілетін немесе рұқсат етілмейтін пайдалану немесе әрекеттері бойынша талаптар.
1.10. Құпиялылық саясаты – Қызмет көрсетушінің Тапсырыс берушінің деректерін жинау, пайдалану, ашып көрсету және басқару тәсілдері туралы мәлімдемесі, мына мекенжайда орналастырылған: https://academy.aifc.kz/kk/pajdalanushylardy-derbes-derekterin-or-au-sayasaty/.
2. Жалпы ережелер
2.1. AIFC Шарттар туралы Регламентінің 15-бабына сәйкес, осы құжат – жария оферта болып табылады және төменде көрсетілген талаптар қабылданған жағдайда, Тапсырыс беруші осы Оферта шарттарын осы Шартқа сәйкес қабылдайды. AIFC Шарттар туралы Регламентінің 19-бабы 3-тармағына сәйкес, Тапсырыс берушінің Веб-сайтта тіркелуі, Веб-сайттың функционалын пайдалануы, Қызметтерді төлеуі Офертаны қабылдау болып саналады және Офертада көрсетілген талаптармен Шарт жасасумен теңестіріледі. Шарт талаптарын білмеу және/немесе таныспау Тапсырыс берушіні оларды орындамау жауапкершілігінен босатпайды.
2.2. Осы Шарт Тапсырыс берушінің Веб-сайтты пайдалану тәртібін белгілейді. Тапсырыс беруші Веб-сайтта тіркеліп және/немесе Қызметтерді төлеп, Веб-сайт пен Қызметтерді пайдалана отырып, Қызмет көрсетуші ұсынатын Қызметтердің пайдаланушысы болып табылады.
2.3. Қызмет көрсетуші өз қалауы бойынша Шартқа кез келген уақытта өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады және бұл үшін Тапсырыс берушіні хабардар етпейді. Шарттың қолданыстағы нұсқасы мына мекенжайда қолжетімді: https://academy.aifc.kz/kk/o-amdy-oferta-sharty/
2.4. Тапсырыс берушінің Веб-сайтты немесе оның кез келген қызметін, функционалын өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін пайдалану фактісі Тапсырыс берушінің осындай өзгерістер мен толықтыруларды қабылдағанын білдіреді.
2.5. Тапсырыс беруші осы Шарттың мазмұнымен уақтылы танысу үшін кемінде 14 (он төрт) күнде 1 (бір) рет Шартпен танысып отыруға міндеттенеді.
2.6. Егер Тапсырыс беруші осы Шарт талаптарын орындауға келіспесе, ол Веб-сайтты пайдаланбауға, аккаунтын жоюға және/немесе Веб-сайтты пайдалануды тоқтатуға құқылы.
2.7. Тапсырыс беруші Қызмет көрсетушінің өз міндеттемелерін орындау барысында Тапсырыс берушіге үшінші тұлғалардың қызметтерін, бағдарламалық жасақтамасын, веб-сайттарын және т.б. тартуы/қолдануы мүмкін екенін хабардар етеді. (бұдан әрі – «Үшінші тұлғалардың өнімдері»). Тапсырыс беруші осындай Үшінші тұлғалардың өнімдерін пайдалану шарттарын, лицензиялық келісімдерді және өзге де талаптарды өз бетінше оқып шығып, сақтауға міндеттенеді.
3. Шарттың мәні
3.1. Қызмет көрсетуші Веб-сайтта сипатталған функционалға сәйкес Қызметтерді ұсынады.
3.2. Қызмет көрсетуші Қызметтерді ұсынады, ал Тапсырыс беруші олардың құнын төлейді. Қызметтердің құны мен функционалы Веб-сайттың тиісті бөлімдерінде орналастырылады. Қызметтердің құнын Қызмет көрсетуші Веб-сайттағы ақпаратты өзгерту арқылы біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.
3.3. Веб-сайтта ұсынылған барлық ақпараттық материалдар анықтамалық сипатта болады және ұсынылатын Қызметтердің шарттары туралы толық әрі сенімді ақпаратты толық көлемде жеткізе алмайды. Егер Тапсырыс беруші ұсынылатын Қызметтердің шарттарына қатысты сұрақтар туындаса, Қызметтерге ақы төлемес бұрын Веб-сайттың тиісті бөлімдерінде көрсетілген байланыс телефондары арқылы немесе электрондық пошта арқылы байланысуы тиіс.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Қызмет көрсетуші міндеттенеді:
4.1.1. Қызметтер туралы қажетті ақпаратты ұсынуға. Бұл ақпарат Веб-сайтта орналастырылады.
4.1.2. Қызметтерді ұсыну тәртібі мен тапсырыс беру ережелері бойынша телефон, электрондық пошта немесе басқа да байланыс құралдары арқылы қолдау көрсетуге.
4.1.3. Тапсырыс беруші алдын ала төлеген Қызметтерді ұсыну шарттарына өзгерістер енгізілген жағдайда (Қызметтерді ұсынудың басталу күні және өзге де өзгерістер) осындай өзгерістер басталғанға дейін кемінде 24 сағат бұрын Тапсырыс берушіге хабарлауға. Хабарлау Веб-сайтта тиісті ақпаратты орналастыру арқылы, сондай-ақ Тіркеу деректерін енгізу кезінде Тапсырыс беруші көрсеткен байланыс электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады. Хабарлама Тапсырыс берушінің электрондық поштасына жіберілген сәттен бастап Тапсырыс беруші тиісті түрде хабардар етілген болып есептеледі.
4.2. Қызмет көрсетушінің құқықтары:
4.2.1. Қызметтердің құнын, сондай-ақ Қызметтерді ұсыну шарттарын біржақты тәртіпте өзгертуге.
4.2.2. Веб-сайтты пайдалану ережелерінің бұзылуы жағдайында, ол Қызметтерді ұсыну үшін қажетті болса, Қызмет көрсетуші Қызметтерді ұсыну сапасы үшін жауап бермейді, сондай-ақ Тапсырыс берушінің кінәсінен Қызметтерді ұсыну мүмкін болмаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Қызмет көрсетуші Шартты орындаудан бас тартуға құқылы, ал Тапсырыс беруші төлеген қаражат қайтарылмайды және өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін айыппұл болып саналады.
4.2.3. Веб-сайттың кез келген бағдарламалық жасақтамасын өзгертуге, егер айтарлықтай ақаулар, қателер немесе істен шығулар анықталса, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және рұқсат етілмеген қол жеткізуді болдырмау мақсатында Веб-сайттың жұмысын тоқтатуға.
4.2.4. Тапсырыс беруші ұсынған Тіркеу деректерін қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін кез келген тәсілмен пайдалануға.
4.2.5. Тапсырыс берушіні тіркеу / растау / Қызметтердің құнын төлеу барысында кеңес беруге, оның ішінде Веб-сайтта тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына немесе телефон нөміріне өз бетінше хабарласуға.
4.2.6. Қолданыстағы заңнамада көзделген Тапсырыс берушінің құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып, Тапсырыс берушімен өзара қатынастардан туындайтын өз құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тұлғаларға тапсыруға немесе өзге түрде беруге.
4.2.7. Тапсырыс берушіге жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізу мақсатында Веб-сайтқа немесе оның жекелеген элементтеріне қолжетімділігін уақытша тоқтата тұруға, бұл туралы жоспарлы жұмыстар басталғанға дейін кемінде 24 сағат бұрын хабарлауға, ал авариялық жұмыстар жағдайында алдын ала хабарлаусыз тоқтатуға.
4.2.8. Веб-сайттың негізгі мақсаты мен функционалына өзгеріс енгізбестен, оның функционалына өз бетінше өзгерістер енгізуге.
4.2.9. «Cookie» технологиясын пайдалануға. «Cookie» құпия ақпаратты қамтымайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Қызмет көрсетуші Веб-сайтқа кірушінің IP мекенжайы туралы ақпаратты алады. Бұл ақпарат Тапсырыс берушінің жеке басын анықтау үшін пайдаланылмайды, алайда алаяқтық әрекеттер жасалған деген күдік туындаған жағдайда пайдаланылуы мүмкін.
4.3. Тапсырыс беруші міндеттенеді:
4.3.1. Қызметтердің құнымен және оларды ұсыну шарттарымен өз бетінше және уақтылы танысуға.
4.3.2. Тіркелу барысында Веб-сайтта міндетті жолдарды толық және дұрыс толтыруға, сенімді байланыс ақпаратын көрсетуге.
4.3.3. Қызметтерді төлеуді төлем жасау сәтінде қолданыстағы шарттар мен құнға сәйкес жүзеге асыруға. Қолданыстағы шарттар мен құн, сондай-ақ арнайы ұсыныстар және Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер Веб-сайтта орналастырылады.
4.3.4. Тіркеу деректеріне өзгерістер енгізілген жағдайда Қызмет көрсетушіні дереу жазбаша түрде хабардар ету, бұл үшін Қызмет көрсетушінің байланыс тұлғасының электрондық поштасына хат жіберу.
4.3.5. Веб-сайтта қолжетімді болған ақпарат пен материалдарды жеке пайдаланудан басқа мақсаттарда қайталап шығармауға, көшірмелеуге, сатпауға және қандай да бір мақсатта пайдаланбауға.
4.3.6. Веб-сайтқа әрбір кірген сайын осы Шарттың өзекті нұсқасымен танысуға.
4.3.7. Веб-сайтты пайдалану кезінде Пайдаланушы келісімінің шарттарын сақтауға.
4.4. Тапсырыс берушінің құқықтары:
4.4.1. Қызмет көрсетушіден осы Шарттың талаптарын орындауды талап етуге.
4.4.2. Тіркеу деректерін түзетуге. Тапсырыс беруші Қызмет көрсетушінің Тіркеу деректерін Құпиялылық саясатына сәйкес пайдалануына және өңдеуіне келісім береді. Қызмет көрсетуші Тіркеу деректерін, соның ішінде Тапсырыс беруші алдындағы өз міндеттемелерін орындау үшін пайдаланады.
5. Қызметтерге ақы төлеу
5.1. Қызметтерге ақы төлеу Тапсырыс беруші төлем модулі арқылы немесе тараптар бөлек келіскен кез келген өзге тәсілмен жүзеге асырылады. Қызмет көрсетуші төлемнің бір немесе бірнеше әдісін ұсынуға құқылы. Қызмет көрсетуші кез келген уақытта және өз қалауы бойынша Веб-сайттағы төлем әдістерін ешбір хабарламасыз және осы Шартқа өзгерістер енгізусіз өзгертуге/жоюға құқылы.
5.2. Егер Веб-сайтта бірнеше төлем әдісі көрсетілсе, Тапсырыс беруші төлем жасау кезінде қолжетімді және ыңғайлы тәсілді өз бетінше таңдайды. Веб-сайтта төлем жасау және растау үшін қарастырылмаған және қолжетімді емес төлем әдістері қабылданбайды.
5.3. Тапсырыс беруші Қызметтердің құны көлемінде Қызмет көрсетушіге 100% алдын ала төлем тәртібімен қаражат аударады.
5.4. Төлем картасын тіркеу қызметін қосу әрекеттерін жасай отырып, Тапсырыс беруші өз келісімін береді:
ақпараттың үшінші тұлғаларда сақталуына;
төлем картасын тіркеу қызметін пайдаланғаны үшін толық жеке жауапкершілік алуға;
логин, құпия сөз, қауіпсіздік сұрағына жауап, картаның нөмірі, автоматты авторизацияны пайдалану, соның ішінде электрондық пошта арқылы алынған хабарламаларды қайта жіберу және басқа да ақпаратты үшінші тұлғалар пайдалануымен байланысты барлық тәуекелдерді өз мойнына алуға.
5.5. Онлайн төлем қызметін пайдалану кезінде Тапсырыс беруші қауіпсіздік мақсатында онлайн төлем қызметін өз бетінше дұрыс ажыратуға міндетті. Қызмет көрсетуші Тіркеу деректерінің ықтимал жоғалуына және басқа да ықтимал салдарға жауап бермейді. Тапсырыс беруші тапсырыс берген кезде ұсынған ақпараттың мазмұны мен дұрыстығы үшін жауапты.
5.6. Қызмет көрсетуші Тапсырыс берушіге Қызметтердің құнын төлеу және Веб-сайттағы Қызметтерге қолжетімділік бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін жария телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастыру арқылы сату болып табылатынын хабарлайды. Осыған байланысты электрондық шот-фактура Қызметтерге ақы төлеу күнінен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірілмей беріледі.
5.7. Қызметтерге төленген ақы төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда қайтарылмайды:
5.7.1. Егер Тапсырыс беруші Қызметтерден Қызметтер көрсетілу басталар күннен кемінде 14 күнтізбелік күн бұрын бас тартса, Қызмет көрсетушіге Тапсырыс беруші төлеген қаражат бас тарту туралы өтініш алынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қайтарылады. Бас тарту өтініші осы Шартқа №1 Қосымшаға сәйкес Қызмет көрсетушінің атына жазбаша түрде ресімделіп, келесі электрондық пошта мекенжайына жіберілуі тиіс: aifcacademy@aifc.kz. Қызметтер көрсетілу басталар күннен кемінде 14 күнтізбелік күн бұрын Қызмет көрсетушінің электрондық поштасына келіп түскен өтініштер қаралып, қайтару рәсімделеді.
5.7.2. Егер Қызметтер Қызмет көрсетушінің кінәсінен көрсетілмесе, Қызмет көрсетушіге Тапсырыс беруші төлеген қаражат Қызметтер тоқтатылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қайтарылады немесе өзге Қызметтерге ақы төлеуге есептеледі.
6. Ақпараттық хабарламалар
6.1. Тапсырыс беруші жаңартылған ақпаратты, соңғы жаңалықтарды, жаңа ұсыныстарды, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер туралы хабарламаларды, сондай-ақ Қызмет көрсетуші серіктестерінің жаңалықтары мен ұсыныстары туралы ақпаратты электрондық пошта және өзге де байланыс құралдары арқылы алуға келісім береді.
6.2. Тапсырыс беруші ақпараттық таратуға жазылу параметрлерін таңдай алады немесе одан бас тарта алады.
6.3. Тапсырыс беруші қызмет көрсету сапасын арттыру және Тапсырыс берушінің ауызша мәлімдемелерін растау мақсатында телефон арқылы сөйлесулерді жазуға, сондай-ақ келесі сатып алуларды ыңғайлы жүзеге асыру үшін өзінің деректерін сақтауға келісім береді.
6.4. Ақпараттық хабарламадағы және жарнамалық материалдардағы бағалар жария оферта болып табылмайды.
7. Өзге шарттар
7.1. Тапсырыс беруші осы Шарттың міндетті талаптарымен келісетінін растайды.
7.2. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Қызмет көрсетуші осы Шарт талаптарымен келіспейтін тұлғаларға тапсырыс беруден бас тартуға құқылы.
7.3. Осы Шартқа қолданылатын құқық Астана Халықаралық Қаржы Орталығының (AХҚО) қолданыстағы құқығы болып табылады.
7.4. Осы Шартты орындау барысында туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі.
7.5. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында қандай да бір дау туындаған жағдайда, Тараптар сотқа жүгінбей-ақ дауды шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. 7.6. Егер Тараптар келісімге келмесе немесе тараптардың бірі келіссөздерден жалтарса, осы Шартқа байланысты немесе одан туындайтын (оның ішінде оның жарамдылығы, қолданылуы немесе тоқтатылуы) кез келген дау, шарттық немесе шарттық емес, алдымен 2022 жылғы AIFC Халықаралық Арбитраж Орталығының («IAC») Арбитраж және Медиация Ережелеріне сәйкес медиацияға ұсынылады. Егер дау медиация арқылы шешілмесе, онда Тараптар дауды IAC-тің арбитражына береді. Мұндай жағдайда осы Шартқа байланысты немесе одан туындайтын (оның ішінде оның жарамдылығы, түсіндірілуі, орындалуы, бұзылуы немесе тоқтатылуы) кез келген дау, келіспеушілік немесе талап, шарттық немесе шарттық емес сипатта, IAC-тің қолданыстағы Арбитраж және Медиация Ережелеріне сәйкес IAC-те арбитраж тәртібімен түпкілікті шешіледі. Бұл Ережелер осы тармаққа енгізілген болып есептеледі. Арбитр саны – біреу. Арбитрді Тараптар өзара келісім арқылы тағайындайды. Арбитраж өтетін орын – Астана Халықаралық Қаржы Орталығы, Астана, Қазақстан. Арбитраж рәсімінің тілі – ағылшын тілі.
8. Қызмет көрсетушінің деректемелері
Жеке компания «AIFC Academy Limited»
БСН 190140900037
Тіркелген мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 55/18
Нақты мекенжайы: Z05T3C4, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 55/18, блок с.3.3.
IBAN KZ879491100001444993 KZT
IBAN KZ769491100001444997 USD
IBAN KZ229491100001444999 EUR
АҚ «ALTYN BANK» (SB China CITIC Bank Corporation Ltd)
SWIFT ATYNKZKA
БСН 190140900037
Алушының коды 17
№1 Жария оферта шартына Қосымша
Жоба менеджеріне Жеке компания «AIFC Academy Limited»
Кімнен: ____________________________
(Т.А.Ә.)
____________________________
(электрондық пошта мекенжайы)
____________________________
(телефон нөмірі)
Қызметтерден бас тарту және қаражатты қайтару туралы өтініш
«___» ____________20 ж. мен https://academy.aifc.kz/kk/сайтында
(бағдарлама атауы) бағдарламасын сатып алдым.
Мен бағдарламадан қатысудан және Қызметтерді сатып алудан бас тартамын, себебі
(бас тарту себептері)
Қайтарылатын қаражатты төменде көрсетілген банк реквизиттеріне аударуыңызды сұраймын:
Банк атауы__________________________________________
SWIFT________________________________________________________
БСН________________________________________________________
IBAN_________________________________________________
Алушы (клиент)______________________________________________________
ЖСН________________________________________________________
«___» ____________20 ж.