Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау саясаты

ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ САЯСАТЫ

Бұл Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау саясаты Сайт пайдаланушыларының дербес деректерін қорғау туралы Келісім (Бұдан әрі — Келісім) болып табылады. Келісім «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2017 жылғы 20 желтоқсандағы AIFC Data Protection Regulation және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне (бұдан әрі — Заң) сәйкес әзірленді және AIFC Academy Limited жеке компаниясының (бұдан әрі — Компания) Сайтты Пайдаланушылардың Дербес деректерін Жинау және Өңдеу жөніндегі қатынастарды реттейді.

 

1. Ұғымдар мен терминдер

Келісімнің мақсаттары үшін бас әріптермен жазылған және Келісімде көрсетілмеген сөздер мен сөз тіркестері Заңға сәйкес регламенттелген мағынаға және (немесе) анықтамаға ие болады.

1.1 Сайт – Компанияның (оның ішінде Компанияның еншілес ұйымдардың) интернет-ресурсы, яғни бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған ақпарат (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге түрде);

1.2 Пайдаланушы – Компанияға өзінің Дербес деректерін берген Дербес деректер Субъектісі.

1.3 Тараптар – Компания мен Пайдаланушы бірлесіп Келісімнің Тараптары болып табылады.

1.4 Дербес деректер – Пайдаланушыға қатысты электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген, сондай-ақ болашақта оларда болатын өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қоса алғандағы бірақ олармен шектелмеген төмендегі мәліметтер:

1.4.1 тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

1.4.2 ЖСН;

1.4.3 туған күні;

1.4.4 телефон нөмірі

1.4.5 жұмыс орны және лауазымы;

1.4.6 пошталық мекенжайы (тұрғылықты жерінің мекенжайы, тіркелген мекенжайы, үй, жұмыс, ұялы телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжай(-лар)ы).

1.5 Дербес деректерді Жинау – Дербес деректерді алуға бағытталған әрекеттер.

1.6 Дербес деректерді Өңдеу – Компанияның Дербес деректерді жинау, жүйелеу, жинақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (жіберу және оның ішінде трансшекаралық жіберу), иесіздендіру, бұғаттау, жою, мерзімсіз сақтау жөніндегі іс-әрекеттері.

 

2. Жалпы ережелер

2.1 Пайдаланушының осы Келісімге келісімі, контекст талап ететіндей, келесідей әрекеттер арқылы жүзеге асуы мүмкін:

2.1.1 Пайдаланушының Компания сайттарын пайдалану арқылы;

2.1.2 Тиісті формаларды толтыру және «Жіберу» / «Тіркелу» / «Сатып алу» және т.б. түймелерін басу арқылы;

2.1.3 Дербес деректерді Компанияға ондағы ақпараттың есебін жүргізуге мүмкіндік беретін және материалдық нысанда, оның ішінде электрондық құралдармен көшіруге болатын кез келген нысанда жіберу арқылы жузеге асатын өзге де әрекеттер.

2.2 Осы Келісім тек Компанияның жобаларына қолданылады. Пайдаланушы Компанияның Сайттарында қол жетімді үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелер арқылы өте алады, алайда Компания үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және оларға жауапты емес.

2.3 Сондай-ақ, Сайт Пайдаланушылар туралы дербестендірілген деректерді (соның ішінде cookie файлдарды) жинап, өңдей алады. Компания Пайдаланушы туралы анонимді деректерді Пайдаланушының браузер параметрлерінде оған рұқсат етілсе (cookie файлдарын сақтау және JavaScript технологиясы қосылған), өңдейді.

2.4 Компания осы Келісімнің мақсаттары үшін Пайдаланушылар берген Дербес деректердің дұрыстығын тексере алады.

 

3. Келісімнің мәні

3.1 Пайдаланушылар компанияға Дербес деректер операторы ретінде өзінің Дербес деректерін және осы Келісімде көрсетілген мақсаттар үшін Компанияның Дербес деректерді электрондық түрде және/немесе қағаз жеткізгіштерде өңдеуіне өз еркімен жасалған толық және сөзсіз келісімін ұсынады.

3.2 Пайдаланушының Дербес деректерін өңдеуге жазбаша келісімді беру күні осы Келісімнің 2.1. тармағында көрсетілген әрекеттерді жасау күні болып табылады.

3.3 Келісім шексіз мерзімге жарамды және Пайдаланушылар оны кез келген уақытта Компанияға тапсырысты пошта арқылы жіберілген жазбаша хабарлама арқылы кері қайтарып алуы мүмкін. Пайдаланушының Дербес деректерді өңдеуге берген келісімі Компания Пайдаланушыдан осындай жазбаша хабарлама алған күннен бастап 10 күн өткен соң жойылды деп есептеледі.

3.4 Компания Пайдаланушының Дербес деректерін келесі мақсаттарда өңдейді:

3.4.1 Компания ұсынатын қызметтер туралы хабарлауды, Пайдаланушыны сәйкестендіруді және өзара әрекеттесуді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей өз міндеттемелерін орындауға;

3.4.2 Компания ұсынатын қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған зерттеулер жүргізу үшін;

3.4.3 Компания ұсынатын қызметтердің жаңа түрлерін қолдауға, жақсартуға және әзірлеуге мүмкіндік беретін маркетингтік бағдарламаларды, статистикалық зерттеулерді, алынған деректерді тексеруді, зерттеуді және талдауды жүргізу үшін;

3.4.4 Компания көрсететін қызметтерді ілгерілету үшін, оның ішінде Пайдаланушыға жарнаманы (оның ішінде дербестендірілген (таргеттелген) жіберу арқылы, әртүрлі байланыс құралдарының көмегімен Пайдаланушымен тікелей байланыстарды жүзеге асыру жолымен, оның ішінде: пошта жіберілімі, электрондық пошта, телефон және (немесе) факсимильдік байланыс, интернет желісі және т. б. қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) тарату үшін.

3.5 Компания Пайдаланушының Дербес деректерін қорғау бойынша келесідей қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді:

3.5.1 Пайдаланушының Дербес деректеріне рұқсатсыз қолсұғудың алдын алу;

3.5.2 Рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау мүмкін болмаса, Пайдаланушының Дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтау;

3.5.3 Пайдаланушының Дербес деректеріне рұқсатсыз кірудің қолайсыз салдарын барынша азайту.

3.6 Компанияның Дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері Пайдаланушының Дербес деректерін алған сәттен бастап туындайды және олар жойылған не иесіздендірілген сәтке дейін әрекет етеді.

3.7 Қолданушының Дербес деректері қолданыстағы заңнаманы жүзеге асыруға байланысты жағдайларды қоспағанда, ешқашан, ешбір жағдайда, жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылмайды.

3.8 Дербес деректерде дәлсіздіктер анықталған жағдайда, Пайдаланушы Компанияның aifcacademy@aifc.kz электрондық пошта мекенжайына «Дербес деректерді жаңарту» белгісімен хабарлама жіберу арқылы оларды жаңарта алады.

 

4. Дауды шешу

4.1 Астана халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы заңы осы Келісімге қолданылады.

4.2 Тараптардың осы Келісім бойынша міндеттемелерін орындауында дау немесе келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптар дауды келіссөздер арқылы шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

4.3 Егер Тараптар дауды реттеуге қол жеткізе алмаса немесе Тараптардың бірі келіссөздер жүргізуден жалтарса, осы Келісімнен туындайтын немесе осы Келісімге байланысты туындайтын кез келген дауды, соның ішінде оның бар болуына, жарамдылығына немесе тоқтатылуына қатысты кез келген мәселені, 2018 жылғы Халықаралық төрелік орталығының («ХТО») Төрелік және медиация ережелеріне сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығының ХТО жүргізілетін медиация шеңберінде бірінші кезекте қарауға ұсынылуы мүмкін. Дау медиация тәртібімен реттелмеген жағдайда, тараптар дауды төрелік соттың қарауына жібереді. Бұл жағдайда осы Келісімнен туындайтын немесе оған байланысты, соның ішінде оның болуына, жарамдылығына, түсіндірілуіне, орындалуына, бұзылуына немесе тоқтатылуына қатысты кез келген дау, келіспеушілік, қарама-қайшылық немесе талап, келісім-шарттық немесе шарттық емес талаптар қарау үшін және түпкілікті шешім шығару үшін ХТО Тіркеушісіне Төрелік сұрау салуды берген күні қолданыста болатын және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ХТО Төрелік және медиация ережелеріне сәйкес ХТО Төрелігіне жіберіледі. Төрешілер саны – 1, ол тараптардың келісімі бойынша сайланады. Төреліктің орны – «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Астана, Қазақстан. Төрелік талқылаудың жұмыс тілі ағылшын тілі болып табылады.

 

5. Басқа шарттар

5.1 Келісім Келісімнің 2.2-тармақта көзделген сәттен бастап күшіне енеді және Келісімнің 3.3-тармағына сәйкес Пайдаланушының Дербес деректерді Жинауға және өңдеуге келісімді қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

5.2 Егер қандай да бір себептер бойынша Келісімнің бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл қалған ережелердің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

5.3 Компания Пайдаланушының келісімінсіз осы Келісімге өзгерістер енгізуге құқылы.

5.4 Жаңа Келісім, егер Келісімнің жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.