University of the Future платформасы

University of the Future платформасы оқушыларға бағдарланған курстар жасаудың жеңіл әдісін ұсынады. Ол оқыту процесін жеке, қызықты және түсінікті ете отырып, педагогика мен интеллектуалдық талдамаға финдік тәсіл элементтерін біріктіреді.

Платформаның мүмкіндіктері

Әлеуметтік оқыту
Жеке профиль
Оқыту салалары 

Платформаның мүмкіндіктері

1. Әлеуметтік оқыту – бұл оқушыларды оқу процесіне барынша тартуға көмектесетін онлайн оқытудың маңызды элементі.

2. Платформа жеке профиліңізді жасауға, өзара іс-қимыл туралы хабарламалар мен маңызды ескертулер алуға, чатта мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

3. Маңызды элементтердің бірі оқыту  салалары -Boards болып табылады, оны қолданушылар өздері реттей алады. Қатысушылар бір тақтада бола отырып, олар бірге оқитындай (бір сыныпта отырғандай) сезінеді.

Оқыту процесінде оқушылар жазбалар жасай алады, пікірлер айта алады, пікірлерге лайктармен жауап бере алады. Жүйе осы реакциялардың барлығын есте сақтайды және аналитиканы көрсетеді.


Хабарламалар білім алушыларды пікірталастарға қатысуға ынталандырады, бұл өз кезегінде оқуды ынталандыру үшін қажетті кеңірек және сапалы өзара әрекеттесуге әкеледі.

Аналитика тренерлерге:
⠀- олар қандай қиындықтарға кезігетіндігі
⠀- қандай материалдардың қызықтыратындығы және тренердің қай тұста араласуы керек екендігі сияқты оқу процесі туралы сұрақтарға жауап алуға көмектеседі

Аналитика құралдары әр оқушы үшін оқу процесін жекелендіруге көмектеседі және курстың жетістігіне не әсер ететінін көрсетеді. Платформа ұйымдарға онлайн оқуда жетіспейтін екі маңызды қасиетті - қатыстырушылық пен аналитиканы ұсынады.