
Бабаева Асия
«HR дамыту» бағытының басшысы, «Транстелеком» АҚ
Менің аты-жөнім Бабаева Әсия. Мен «Транстелеком» АҚ-дағы «HR дамыту» бағытының жетекшісімін. 2020 жылдың көктем-жазында HRCI-дің халықаралық PHRI емтиханына дайындық бойынша оқудан өттім. Жақсы құрылымдалған тренинг онлайн өтті, мен біздің оқытушы Гүлжаннан көптеген оқу материалдарын алдым. Маған әсіресе белгілі бір HR құралына арналған тақырыптық зерт теулер ұнады. Шартты грант алу мүмкіндігі үшін BCPD-ге ерекше алғыс білдіргім келеді, бұл, әрине, емтихан тапсыруға шабыттандырады.

Ануар Тойгулиев
Аналитика және алаяқтықты анықтау бағытының басшысы, «Банк ЦентрКредит» АҚ
Осы арнайы курсқа қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Мен көп нәрсені үйрендім. Курстар мен күткенімнен де жақсы болды. Кәсіби оқытушылармен кәсіби курстарды ұйымдастырғаны үшін BCPD-ге алғыс айтамын. Барлық дәрістер жоғары деңгейде өтті! Бізді әрдайым жігерлендіріп, нәтижелеріміз туралы алаңдаған Әсел Мұсағұлға алғысым шексіз.

Темирбеков Бекжан Болатулы
АТ-жобалар менеджері, «Мечта» ЖШС
PMP курсы маған сертификат алуға көп көмектесті. Карантин режімі мен онлайн-оқытуға қарамастан, дайындық ыңғайлы әрі тиімді өтті. Дайындық 2 күнге созылды, тек жарты күн уақыт алып отырды, дегенмен офлайн-оқу бір күнді алады деп күтілген еді. Мен емтиханды курстан өткеннен кейін 6 айдан соң АХҚО-да тапсырдым. Сөзімнің соңында менің сұрақтарыма тез жауап бергені үшін, сондай-ақ ұйымдастырушылық мәселелерде көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін Әлияға (АХҚО оқыту жөніндегі менеджері) алғыс айтқым келеді. Мен тегін оқуға және дамуға мүмкіндік берген АХҚО-ға дән ризамын!