Корпоративтік Шешімдер

Платформалық шешім

Оқыту мен дамыту ұйымның адами капиталын дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады, ол тұрақты өсуге, өнімділікті және ұйымның құнды қызметкерлерді ұстау қабілетін арттыруға арналған стратегиялық құрал болып табылады.

Корпорациялар өзінің адами капиталын үздіксіз және дәйекті түрде дамыта алуы үшін біз ұйым қызметкерлерінің кәсіби дамуына арналған тиімді HR-шешімді - «Болашақ университеті» цифрлық оқыту платформасында оқыту және дамытуды ұсынамыз

Корпоративтік онлайн-университет құру

Болашақ университеті Финляндияның «Claned» оқытуды басқару жүйесіне негізделген. Платформа әртүрлі курстар мен іс-шаралардың - техникалық және әлеуметтік дағдыларды дамытудан корпоративтік тренингтерге дейінгі кең спектрін қамтиды.

Платформа ұйым қажеттіліктері негізінде корпоративтік онлайн-университеттер құруға мүмкіндік береді.

Бұл кез-келген курстарды және оларға қажетті барлық материалдарды жасауға, таратуға және сақтауға болатын, білім беру ұйымдары да, білім беру мәдениетін қалыптастыратын корпоративтік клиенттер де әзірлеген және қызметкерлердің кәсіби дамуы арқылы стратегияға қол жеткізуді және іске асыруды көздейтін онлайн кеңістік.

Бірыңғай білім беру кеңістігі
Қолдау

Біз сондай-ақ оқытушылар мен курстарды әзірлеушілерге студенттер үшін сапалы оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге арналған тиімді тренингтер жасауға қолдау көрсетеміз.

Платформада жақсы онлайн-курсты жеңіл жасауға мүмкіндік беретін оқыту дизайнының кіріктірілген элементтері бар.

Болашақ университетінің ұйымдардың білім беру экожүйесіне интеграциясы HR департаменттері үшін оқу процесін цифрландыруды, тереңдетілген HR аналитика бойынша есептілікті алу мүмкіндіктерін және қызметкерлердің ыңғайлырақ және тиімдірек кәсіби өсуінің мүмкіндіктерін қоса алғанда, айтарлықтай артықшылықтар береді.


Қызметкерлердің жеке даму жоспарларын құру мүмкіндігі
Оқыту аналитикасы

Ең бастысы, Болашақ университеті - бұл оқыту аналитикасының тиімді құралы. Ол қызметкерлердің оқытуға қатысуын қадағалап, бақылап, дамудың жеке жоспарларын жасап қана қоймай, сондай-ақ оқыту деректерін автоматты түрде жинап, талдайтын жасанды интеллект негізіндегі оқыту аналитикасын да ұсынады.

Осылайша, оқушылардың прогресі бақыланады және олардың онлайн оқу нәтижелерінің жеке және/немесе ұйымдастырушылық тиімділікке әсері өлшенеді.

HR аналитиканың бөлігі ретіндегі тереңдетілген оқыту аналитикасы

Корпоративтік оқыту

Болашақ университеті корпоративтік клиенттерді оқытуға және дамытуға арналған дайын және жеке шешімдер ұсынады. Біздің курстар үздік халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге сәйкес әзірленген.

Курстардың ең маңызды ерекшелігі - нәтижеге бағдарлау және практикалық бағыттылық. Курстарды халықаралық кәсіби институттар әзірлеген және олардың сапасына бүкіл әлемдегі кәсіпқойлар мен жұмыс берушілер кепілдік береді.

Болашақ университетінде сіз келесі бағыттар 
бойынша курстар таба аласыз:

  • Тәуекелдерді басқару
  • Басқарушылық есеп
  • Инвестициялық басқару
  • Қаржылық есептілік
  • Персоналды басқару
  • Корпоративтік басқару
  • Қаржы және аудит
  • Жобаларды басқару және Agile, Scrum және басқа да тәсілдерге оқыту
Осымен қоса, Болашақ университеті іскери ағылшын тілін және цифрлық дағдыларға - Microsoft Office, Power BI, Qlik Sense және басқа да өнімдерді пайдалануды терең зерттеуді оқыту курстарын ұсынады.
Болашақ университеті сондай-ақ Қазақстандағы әлемдегі жетекші университеттер мен компаниялар әзірлеген әлемдік стандарттарға жауап беретін білімді қамтамасыз ететін платформа – Coursera-ның бас серіктесі болып табылады.
Біз практикалық жобалар мен курстардан бастап кәсіби сертификаттауға дейінгі оқытудың кең ауқымды мүмкіндіктерін ұсынамыз.
Маңызды дағдыларды дамыта отырып, стратегиялық бизнес-мақсаттарға қол жеткізу
Технологияға инвестициялардың толық құндылығын түсіну
Деректерді басқаратын және цифрлық дағдыларды еркін меңгерген жұмыс күшін құру

Өтінім қалдыру

Жолдарды толтырыңыз, біз сізге жақын арада жауап береміз