
Атауы:
СІМА «Бизнестің тиімділігін басқару»
Сертификаттың сипаттамасы:
Басқарушылық қаржылық есеп саласындағы халықаралық стандарт
Сипаттамасы
CIMA "Бизнестің тиімділігін басқару" сертификаты басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қаржылық және қаржылық емес ақпаратты пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған. Бағдарлама ұйымдар қызметінің тиімділігін басқарудың ТМД елдерінде бизнес жүргізу үшін өзекті негізгі аспектілерін қамтиды.
Емтихан құрылымы:
P1 емтиханы: Операциялардың тиімділігін басқару
30% A. Шығындарды есепке алу жүйелері
25% B. Бюджеттеу
30% C. Қысқа мерзімді шешімдер қабылдау
15% D. Тәуекел мен белгісіздікті есепке алу
P2 емтиханы: Операциялардың тиімділігін басқару
25% A. Бәсекелестік артықшылықты күшейту үшін шығындарды жоспарлау және талдау
30% B. Жауапкершілік орталықтарының қызметін бақылау және басқару
30% C. Ұзақ мерзімді шешімдер қабылдау
15% D. Басқарушылық бақылау мен тәуекелдер
Емтихандар:
- жылына 2 сессия (мамыр, қараша)
- Емтихан тест түрінде компьютерде өткізіледі
- Ұзақтығы: 90 минут
- Сұрақтар саны: 60
- Барлығы 150 балл, өту баллы - 100