Certified Internal Auditor Part 1-3
Атауы: Certified Internal Auditor Part 1-3
Сертификаттың сипаттамасы:
Ішкі аудиторларға арналған әлемде танылған сертификаттау
Сайт
Сипаттамасы
Сертификаттау (CIA®) - ішкі аудит саласындағы бүкіл әлем мойындаған жалғыз сертификаттау. Сертификатталған ішкі аудитор® (CIA®) болу дегеніміз әлемнің кез-келген нүктесінде кәсіби ішкі аудит міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті дағдылар мен құзыреттерге ие болуды білдіреді.

Сертификатталған ішкі аудитор (CIA) – бұл ішкі аудитті жүргізетін бухгалтерлерге ұсынылатын сертификат.

Біліктілікті Ішкі аудиторлар институты (АҚШ) әзірлеген. CIA емтиханы 3 бөлімнен тұрады, олар ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары, аудиторлық тапсырмаларды жүргізу, бизнесті талдау және ақпараттық технологиялар, сондай-ақ бизнесті басқару дағдылары мәселелері бойынша бөлімдерді қамтиды.

Емтихан құрылымы:
СІА 1-бөлім «Ішкі аудит негіздері»
15% - Ішкі аудит негіздері
15% - Тәуелсіздік және объективтілік
18% - Кәсібилік және тиісті кәсіби ыждағаттылық
7% - Сапаны қамтамасыз ету және көтеру бағдарламасы
35% - Басқару, тәуекел менеджменті және бақылау
10% - Алаяқтық тәуекелі

СІА 2-бөлім «Ішкі аудит практикасы»
20% - Ішкі аудитті басқару
20% - Тапсырманы жоспарлау
40% - Тапсырманы орындау
20% -Тапсырманың нәтижелері туралы ақпарат беру және орындалуын мониторингілеу

СІА 3-бөлім «Ішкі аудитке қажетті бизнес-білім»
35% - Бизнес туралы базалық білім
25% - Ақпараттық қауіпсіздік
20% - Ақпараттық технологиялар
20% - Қаржылық менеджмент

Емтихандар:

СІА 1-бөлім
Сұрақтар саны - 125
Сұрақтарға берілетін уақыт - 2 сағат 30 минут
СІА 2-бөлім
Сұрақтар саны - 100
Сұрақтарға берілетін уақыт - 2 сағат 
СІА 3-бөлім
Сұрақтар саны - 100
Сұрақтарға берілетін уақыт - 2 сағат

Әр бөлім тапсырылды деп саналу үшін 600 балл жинау керек, бұл шамамен сұрақтардың 75%-на дұрыс жауаптарға сәйкес келеді