Diploma in International Financial Reporting
Атауы: Diploma in International Financial Reporting
Сертификаттың сипаттамасы:
Халықаралық қаржылық есептілік (ХҚЕС) білімі туралы біліктілік
Сайт
Сипаттамасы
Егер сіз халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен (ХҚЕС) таныс емес қаржы маманы болсаңыз, бұл біліктілік қажетті білімді алу үшін тез және тиімді шешім болып табылады. Курс сіздің ХҚЕС бойынша біліміңіз бен түсінігіңізді дамытуға әзірленген.

ДипИФР халықаралық біліктілігі – бұл Сертификатталған алқалық бухгалтерлер қауымдастығы (The Association of Chartered Certified Accountants, ACCA) белгілеген біліктілік.

ДипИФР біліктілігінің мақсаты:
- ХҚЕС бойынша білімді тарату және дамыту;
- халықаралық қаржылық есептілік стандарттары туралы практикалық білім;
- олардың негізінде жатқан идеялар мен қағидаттарды түсіну, халықаралық бизнесте ХҚЕС-ті қолдану білігі.

ACCA ДипИФР иелері халықаралық қаржылық есептілік стандарттары туралы білімді және оларды іс жүзінде қолдану дағдыларын, шоғырландырылған қаржылық есептілікті құру білігін алады, өздері үшін мансаптық өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Емтихандық сессиясы:
Емтихан орыс тілінде қабылданады және жазбаша жұмыс түрінде өтеді, оны орындауға 3 сағат 15 минут беріледі.

Емтихан жұмысы келесі сұрақтарды қамтиды:
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке, сондай-ақ компаниялардың жеке қаржылық есептілігіне түзетулерге қатысты 1 міндетті сұрақ. Бұл сұрақ үміткердің математикалық және аналитикалық дағдыларын тексеруге бағытталған.
Максималды баға - 25 балл.
Әр түрлі ХҚЕС-қа қатысты 3 міндетті сұрақ. Бұл сұрақтар стандарттарды білуді тексереді және сценарий немесе кейстер түрінде болуы мүмкін.
Әр сұрақ бойынша максималды баға - 25 балл.
Максималды 100 балл жинауға болады.
Өту баллы - кем дегенде 50 балл.